Ұйқы бермеді, тыным таптырмады. ~ Түн ортасы ауғанша көз шырымын ала алмады. Осындайда кісінің есіне қай-қайдағы түсіп, анталаған ауыр ой кірпік ілдірмейтіні бар-ау. О.Бөк. ~ Кеше ғой бәрімізден кеш жатты. Жаңа қоныс, жана таныстық сәтімен сатып алынған жаңа көйлектің қызығындай бәрімізді көпке дейін алақыздырып, кірпік ілдірмеген. М.Қаб. ~ Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Абай. ~ Түндегі жағдайды алдымызға мін етіп таққалы отырған қалжың. Оның үстіне, түні бойы кірпік қақтырмай шыққан азабы тағы жеткілікті. Қ.Қази.
