Жүзін бұрмай, көзін тік қадап, ұзақ қарады. ~ Абай кірпік қақпай қадалып, тыныстары да тыйылып, Тоғжан үнін тыңдаумен тұр. М.Әу. ~ Шәкен бірдеме деуге тілі келмей, қызға кірпік қақпай қадалды да қалды. И.Жақ. ~ Хакім де онан жүзін бұра алмай түр еді, тосын жолаушының көзіне көзі ұшыраса кетті де, сол сәт екеуі де арбасқандай кірпік қақпастан біріне-бірі қадала қалды. Х.Ес.
