Біреуге жалшлықпен өмірі өтті. ~ Өмір бойы жалшылықта жүрді. ~ Алатын ақысы құр ғана «ішіп-жем» болғандықтан, талай жандар атадан бала, баладан немереге шейін үнемі кісі босағасын тоздырумен өтіп келеді. М.Әу. ~ Майысқақ, маймаң келетін жуан ортаның сырдаң мезіреті емес, адал жанның, ішіп– жемі болса, төрт құбыласы түгел жайдарылығын танытты. Кісі босағасын тоздырумен өткен тесік өкпе халін ұмытып, мына меймандарын өзімсіне баурап әкетті. С.См.
