Біреуге жалданды; жалшылық күн кешті. * Қалқай ессіз жігіт емес. Айыбы хат танымайды. Жасы қырыққа жақындап барады. Он жылдан артық кісі есігінде жүрген жігіт. Б.Майл. * Басынан аяғына шейін сүзе бір қарап шығып, “нәтің батырақ болар-ау” деген қорытындыға келдім. Оным дұрыс шықты. Басқарма мүшелерінің анкетін қарағанымда, Сәлім кісі есігінде 10 жыл өмір өткізген болып шықты. Б.Майл. ~ Мен болсам төрт- бес жылдан бері қарай кісі есігінде жатып оқу оқып, әрі малайлықта жүріп енді, міне, үйіме кетейін деп отырмын. М.Дәул. * Алғаш кісі есігіне жүрген жас жалшыда қақас ой, қалытқы мінез бола ма? І.Жанс.
