Posted in

КІСІ САНАТЫНА ҚОСЫЛДЫ

Өзге елмен қатарласты, жұрт санасатын болды. ~ Қазір жер көріп, ел танып, кісі санатына қосылып қалғам жоқ па? Өсте-өсте адам болып кетуім алыс емес. І.Жанс. ~ Кейін-кейін ат жалын тартып мініп, азды-көпті кісі санатына қосылғанда, сірә, әулие бабамыз Ибн-Сина кітабынан оқыдым ғой деймін: «Емшінің, үш қаруы бар: біріншісі – дәрі, екіншісі − пышақ, үшіншісі − сөз», − депті. Ш.Мұр. ~ Бұтқа көлбеңдеген ұзын дамбал, бет бүркеген пәрәнжа кию өз алдына, бірте-бірте кісі санатына қосылудан қалып барады. Т.Сәу. ~ Бұл да адам болады, бұл да кісі санатына қосылады деп ол кезде ешкім ойлаған жоқ. Қ.Ысқ.