Posted in

КІСІ ҮЗІЛМЕДІ

Келушілер толастамады. ~ Жазда жайлауға тіккен ақ шаңқан үйлерінен, қыста орыс жалдап өзен жағасына салдырған екі қабат үйінен келімді-кетімді кісі үзілмейтін. Б.Тоғ. ~ Шақырған кезде келе алмай, кейінде естіп хабарласа алмай қалған ағайын– жегжат бар; малын жетектеп, ақшаларын уыстай келген алыс ағайын бар — көпке дейін кісі үзілмеді. Ә.Тар. ~ – Е, бұл заманында ақшамен самауыр қайнатқан саудагердің үйі ғой. Белдеуінен ат кетпеген, босағасынан кісі үзілмеген, осы өңірдің игі жақсылары бас қосатын ақсарай үй болған деседі. Құнанбай қажы мешітін салдырып жатқанда осы үйге түсетін көрінеді. С.Досж.