Біреудің үйі, жат шаңырақ. ~ Әкем науқас боп төсекке жатып қалғандықтан, шешем қалаға қатынап тұрған ауыл адамдарының біреуіне: «Баламды әкеп тастаңдар. Әкесі науқас. Мен өзім кісі үйінің шаруасында жүрмін» деген екен. М.Дәул. ~ Кісі үйі қанша жақсы болғанмен адамның өз үйін¬дей болмайды екен. Өз үй, өлең төсегім-ай деп, бекер айтпаған ғой. Шаңырақтың басқалығы көңілге көлең¬кесін түсіреді де тұрады. Б.Соқ. ~ Апам Атагелдіден бұрын: ― Киносы несі? Кісі үйінде отыр емессің бе? –деп, дүрсе қоя берді. Б.Тоғ.
