Шұғыл шаруамен не төтенше хабар жеткізу үшін біреуді жұмсады, адам жіберді. ~ Бурабай жаққа да, Макинка жаққа да тығыз түрде кісі шаптырыңыз, әр ауыл өз тұсына жиі ғып жолдың екі жағына да қамыс бекет шанышсын, ұқтыңыз ба? С.Мұқ. ~ Ханнан кейінгі екінші адам – беклербек Əлібекке кісі шаптырды. К. Жүніс. ~ Бегедай сұлтан Алтайдың бір жақ шетін билеп жатқан көршісі Әрін сұлтанға кісі шаптырады … Ж.Сәм. ~ Әбілқайыр «мынау не болар?» – дегендей Қайыпқа кісі шаптырды. Ә.Кек.
