Posted in

КІСІДЕГІНІҢ КІЛТІ АСПАНДА

Біреуге ісің түспесін д.м. ~ Кісідегінің кілті аспанда деген емес пе, кешіктіріп жатқаны құнын көтерудің амалы шығар. Өзіміз телефон соқсақ қайтеді. С.Шайм. ~ Бәрекелде! Тамаша айттыңыз! – деді тілші қыз жарқылдап. – Атымыздың басы өзімізге тисе, одан артық не тілейміз Құдайдан? Кісідегінің кілті аспанда. Т.Рыск. ~ Кешкілік пойызға отырдым. “Кез келдік, жылдам барып тез келдіктің” кері болды. “Кісідегінің кілті аспанда” — шаруам бітпеді. Жолсерігім қаламының желі, қадамының ебі бар қаршадай ақын боп шықты. И.Сап. ~ Кісідегінің кілті аспанда, күнде мінетін өз көлігің болмаған соң, вертолетіңнің пилотына дейін кергіп бітті. Қ.Ысқ.