Posted in

КІШІ ҮЙ

Ағайынды кісілер енші алысқанда, шаңырақ, яғни ата-ананың тұрған үйі кіші ұлына тиеді де, ол «үлкен үй» аталады. Ондай үйді өзге «отау» аталатын кіші үйлер ерекше қастерлеп, аруақтың сыбағасы» деп, жазғы, қысқы дәмінің алдын татырады; жаңа түскен келіншектер қадірлі мүлкін сыйлайды. (С.Мұқ.) ~ Шәкірлердің аттары Бименденің кіші үйінің белдеуінде түр. Есік алдында самауыр қайнатып жүрген кісілер жүр. С.Сей. ~ Жесір қалған анаға қамқор болып, құшағына алады. Қырдасынның үлкен үйімен қанаттас отырған кіші үйді өз ауылына көшіріп әкетпесе де, неке оқытып, бір үйі ретінде оңаша ұстайды. Сол ауылдың мұқтаж жандарына да әл-дәрменінше көмегін аямайды. Ж.Шәк.