Буыны қатаймаған, өрімдей жас. * Әр ауылдан 5, 6, 7, 10 шақты азамат кеткелі жатыр. Өңкей көк өрім, көген көз, жанмен жан асырап жүрген сорлылар. Ж.Айм. * Көген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: “Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық. М. Әу.
- Қорғансыз, бишара, кедей д.м. ~ Бойковқа неге жағымпазданасың, Аралбай? Бүйтіп көрген күнің құрысын сенің… Жаңа Жәуке аға мен Қасенбай осында отырған көген көз кедейлердің мүддесін айтты. С. Ом. * Көпшiлiк вагон дегенiң құстың ұясындай жыпырлап қонақтаған кiл өңкей көген көз жолаушы. Ж.Шаш. * Сор да сондай қалың болар деп пе едім, Көген көздің көз жасындай кеппедім. Б.Бед.
- Шиеттей бүлдіршін. ~ Ақатай ағамыздың қатынының шүйгуі-ай, – деп мырсылдады. – Ана үш көген көзді өзі тапса, құдай біледі, Ақбұлыңның суын теріс ағызар. Н.Дәу. * Ішкенде кімді қиратады, көген көз балалар мен келінге обал да. М.Қаб.
- Әдемі көз сипаты. ~ Нұрбикенің көген көздеріндегі қызығы мол бір құпия сыр жарқ етіп Барақтың бетіне төгіле түсті де кенет біреу үрлеп жіберген шамдай сөне қалды. І.Ес. * Ежелден Жағалбайлы елінің қыздары сұңғақ бойлы, алма мойын, оймақ ауыз, көген көз, сұлу келетін. І.Ес.
