Posted in

КӨЗ АЛДЫНАН КЕТЕР ЕМЕС (КЕТПЕЙДІ, КЕТПЕЙ ҚОЙДЫ)

Қайта-қайта есіне түсіп, мазалай берген көрініс. ~ Боралдайда ол күні мұның көргені әлі көз алдынан кетер емес, жігерін қайнатқан ызаның молы сол. Балташтың көз алдында Ұзынағаш, Қастектің сегіз азаматын дарға асты. Қайран Бекболат! М.Әу. ~ Көпжасар отқа ентелеген қойларды жасқады. Аш қасқырлардың әлгіндегі әрекеті көз алдынан кетер емес. Ө.Кәр ~ «Әже, қымыз!» — деп арсалаңдап келіп әжесінің тізесіне құлай кететін бір баланы сағынады. Бара-бара осы бір бала көз алдынан кетпейтін болып алды. Ғ.Мүс. ~ Со заматта аузына келген бір ауыз сөзді сардитып айтып салған. Айтарын айтқанмен, үйіне жеткенше Ақбөбектің мұңды жанары көз алдынан кетпей қойып еді. Ү.Жәл. .