Дәл алдында өтіп жатқан, өзі куә болып тұрған оқиға, көрініске қатысты айтылады. ~ Қайыққа мініп айдынына шықсаң, су тұңғиығындағы тірлік айна-қатесіз көз алдында. С.Шай. ~ Содан кейінгі ұрыстардың бірінде ауыр жараланған Редин Бауыржанның көз алдында қаза табады. Ә.Нұрш. ~ Қыстыгүнгідей емес, ауыл болып аралас – қоралас отырған соң, Әсиялар күні бойы бәйбішенің көз алдында. Бәйбіше титтей бос жүргізгісі келмейді. С.Мұқ.
- Әлі есінде. ~ Арада сегіз жылдан астам уақыт өтсе де, бәрі де Бағданның көз алдында. С.Шай. ~ Неге бұдай?! Ғажап! Қаншама кластас құрбыларының арасынан сол бір томырық қара бала есіне неге жиі келе береді?.. Әсіресе бүгін? Міне, ол тағы да көз алдында тұр. М.Мақ.
