Posted in

КӨЗ БАЙЛАНДЫ

Қас қарайып, ымырт түскен шақ. ~ Ымырт үйіріліп көз байланар шақта бір ауылдың төбесін көрді. Т.Әл. ~ Бағана ақшам жамырап, көз байланғанша анау қырдың басындағы бірі көне, бірі жаңа мазардың қасында жүрді күйбеңдеп. О.Бөк. * Көз байланды, базардың нарқы түсіп, Алаяқ та аз айқайлар алқымы ісіп. Сен кеткен жақ көзімді талдырады, Сезімімнің соңғысын сарқып ішіп… Г.Салықб. * Содан әрі әңгіме өрбімеді. Шақылдақ шал оянды, тірлік көбейді, көз байланды… Д.Досж. * Албарда ұшырасқан біреулерді қаға-маға, жұлқынып далаға шықса, көз байлануға айналыпты. Қ.Мұқ. * Күн сабалақ-сабалақ самырсын бөктерген таудың ар жағына түсіп кетті. Көз байланып, қас қарайды. О.Бөк. * Көз байлана сып етіп шал да келді, Әзім де есік ашты, дайын еді. Абай. * Құм алдамшы. Көз байланса адасарын білген Ноғайқұл жарау ақ бестіде келе жатқан Сәкенмен үзеңгі қағысып: – Осы ауылға қонайық, – деді. Т.Әл. * Бұл кезде ымырт үйіріліп, көз байлана бастаған. C.Мұр.