Posted in

КӨЗ БОЯДЫ

Жорта істеді, алдады. ~ Әлде… сыбайласпыз демеп пе еді. “Қарға қарғаның көзін шұқымастың” керін келтіріп, мыналар құр
көз бояды ма?” Бектемір қиналды. С.См. ~ Теңге, Айман (Әлібек, Арыстанға). Ал енді олай болса көз бояйық, Тегіс тату
болған боп қарсы алайық! Жарас (жұртты тегіс еліктіріп). Бәрекелде, ендеше, мәре-сәре бола қап, у-шу, ду-ду ойын бастап,
жау дерлік суық түсті тез жояйық! М.Әу. ~ Оған дейін Абылай хан атаң тәрізді патшаға бағындым деген сөзбен көз бояп,
қазақ елінің тәуелсіздігін сақтатып, жеке мемлекет етемін деуің, құр бос қиял. І.Ес. ~ «Сен адамбысың? Алдар көсемісің?
Адам болсаң, жұрттың көзін осынша бояп не болды саған! Ұялсайшы, ойлансайшы! Ж.Айм.