Posted in

КӨЗ БОЯУШЫЛЫҚ (БОЯУ)

Алдау, бас айналдыру. ~ Ондай атты таза қанды ағылшын сәйгүліктері ғана қосылатын бәйгеге алып келу, кешірерсіз, көз бояушылық, қымбатты лорд. А.См. ~ Пішеншілер жалған ақпар берген, мен алдыңғы күні барып көріп қайттым, шөптің қоры жарты қысқа да жетпейді. Жабағытайлар арам қатады. ағайындар- ау, бұларың көз бояушылық қой, мемлекетті алдау ғой. О.Бөк. ~ Анайы, баяғы өліп- өшкен өтірік ыңқыл, ең болмаса жүректі бір дір еткізуге шамасы жетпейді. Төсек қатынасынан жұрт түңілген. Ашық- шашық, сезімі жоқ көз бояу. Қ.Жиен.