Көзінен көлдей аққан жас туралы. ~ Сорлы анам… – деп сөзінің аяғын айта алмаған Шырақжан қайтадан көз жасына тұншықты. Т.Әбд.~ Құдай қарғады ма, мен байғұсты бір жапырақ еттен қысты. Олай-бұлай болып кетсе, шаңырағына ие болар ешкім жоқ. — Злиха көз жасына тұншығып, жаулығының ұшымен бетін басты. Т.Әбд.
