Posted in

КӨЗ ІЛЕСПЕС ЖЫЛДАМДЫҚПЕН (ШАПШАҢДЫҚПЕН)

Өте тез. ~ Байсерке көз ілеспес жылдамдықпен жүгіне беріп, Байбаттың ашасынан шап беріп ұстады. Қ.Жұм. ~ Ол қамшы болатын,- деп тістене сөйлеген сұлу төрда ілулі тұрған қамшыны көз ілеспес жылдамдықпен алып алдында тұрған Қалдыбайды бас- көз демей төпелей жөнелді. О.Көш. ~ Көз ілеспес жылдамдықпен терезені тарс еткізіп жаба салып, жүгіріп төсегіне келді… Е.Бақ. ~ Ол көз ілеспес шапшаңдықпен қайырманы қайта жатқызғанша әлденеден секем алып үлгерген түз тағысы да осқырына пысқырып қалды да, орнынан бір- ақ секірген. К.Сег.