Көзінің шетімен ғана көз салды. ~ Бахтияр көз қиығын тастап еді, қара киімді адам бұл жолы да орнынан тапжылған жоқ, тізе де бүкпеді, аят оқылған соң елмен бірге қол да жаймады. Т.Сәу. ~ Қонақ шал оларға көз қиығын тастап жымиып қояды; бұл өзі осы өңірге сонау колхоздасу тұсында келген кірме. Ә.Нұрп.~ Қартекең мұртынан күліп, көз қиығын бір тастады да: — Ат сыйлаған досыңның кім екенін білмеуің қалай?— деді. Ә.Әб. ~ Қайран боп тұрып қалды. Келесі сәтте мойнын бұрып, төргі қабырғаға көз қиығын тастады. С.Ом. ~ Пәктігімді көрсеткім келді… – Балзия үнсіз қалды. Көз қиығын салды. Жанарым ұштасты: езуінен кулкі көрдім. Т.Ор. ~ Сирек кірпікті жігіт сұрғылт түйме боп омырауына жабысып түскен сұйық қоймалжыңға көз қиығын жүгіртіп өтті де, жолдасына тіктеп қадалды. С.См.
