Көңілді марқайтатын әдемі көрініс хақында. ~ Оңтүстік жақ жазықта жапырлап отырған көп ауыл айналасында шұбыртып қыбырлап жүрген малдарымен бірқалыпты жасыл даланың түсін түрлендіріп, көз қуантып тұр. М.Әу. * Рюмкалар тағы қақтығысты. Директордың денсаулығы үшін, жаңа қызметінің жайлы болуы үшін, мына әсем сұлулықтың әрдайым көз қуантуы үшін… С.См. * Жасыл жапыраққа зәру аймақтың ажарын ашып тұратын да сол кішкене бау- бақша болатын. Қарасаң, көз қуантады. Ү.Жәл.
