Көргенде жаныңды жылытып, көкірегіңе нұр құятын көрініс. ~ “Жігіт алғыр болса, алғаны – аққудың көгілдірі дерсің. Ол –
көз қуанышы, көл еркесі. С.См. ~ Мынау лақ көз қуанышымыз, не істейміз, келінжан? М.Сүн. ~ Алақандай шұқырдың
айналасындағы күн сайын бөксесі бұлтиып көтеріле түскен көр төмпектен басқа көз қуаныш та жоқ. Ә.Кек. ~ Қаршадай ғана
ұлының балалықтың базарына елікпей, ерте есейгені үшін мың да бір шүкіршілік жасап, жалғызсыраған жанына жалау
іспетті, көз қуанышы, көңіл медеті еді. О.Бөк. ~ Сiз жiберген отыз қара мен құла сәйгүлiк жылқымның сәнi, көзiмнiң
қуанышы, көңiлiмнiң мәнi болып жүр. К.Сег.
