Posted in

КӨЗ ҚҰЙРЫҒЫН ЖІБЕРДІ (ТАСТАДЫ, САЛДЫ)

Ұрлана қарады, байқатпай көз тастады. * Ақбілек көнетөз жасыл шапанын көзіне түсіре бүркеніп, белі бәкіше бүктетіліп бас-аяғы кірпіше жиырылып, құнысып, жасы мөлдіреген қара көзін жыпылықтатып, қара мұртқа анда-санда көз құйрығын бір жіберіп, таңдана, үрейлене тыңдады. Ж.Айм. ~ — Құдай шатастыра көрмесін! Ағатайым әйтеуір ұнамайды сендерге, — дегенде Бәтиманың көзінен жас мөлт етті. Сарыбала оған көз құйрығын бір тастап қойып, сұлқ жата берді. Ғ.Мұст.* Сәлима мені жазбай танып отыр, қайта- қайта көз құйрығын тастап, жылы жымиып қояды. Ә.Асқ. * Виктор Викторович алдындағы туырлықтай газеттің қаттауын жалпақ алақанымен жаймалап жазды. Елтай көз құйрығын тастап еді, өз газеттері. М.Қаб. * Өз сөзінен езі қорқып кеткен Жапекең кілт тына қалды. «Не ойлап отыр?» дегендей Елтайға көз құйрығын салды. М.Қаб.