Posted in

КӨЗ ҚҰМАРЫ ҚАНДЫ (ТАРҚАДЫ)

Армансыз тамашалады, көзі талғанша қарады. ~ Әр атқа қарашығын қадай тігіп, көз құмары қанды-ау деген шақта, Кіші жүз
– Марабай ақынның атты сипаттайтын, өзі жаттап алған бір жыры есіне түсіп кетті. С.Мұқ. ~ Сорлатқанда, керек десе, бұл
көз құмарын да қандыра алмай… Жоқ… Садағаң кеткір шофер бала, сірә, бұның аржақ ойын аңғарған сияқты… Ә.Нұрп. ~
Жайлаудағы елдің жайнаған гүліндей көз құмарын тарқатып серуенде жүрген Балуан Шолақтың құлағына бір күні сыбыс
естілді: «Көкшетау қаласына біртүрлі балуандар кепті дейді, бәрі де аждаһадай кереметтер дейді, оларға адам пар келетін емес
дейді!..» C.Мұқ.