Posted in

КӨЗ ҚЫЗАРТТЫ

Қызықты, көзінің сұғын салды. ~ Кәрі саулықтың ғұмырындай жас қалғанда бөтеннің ырысына көз қызарту итіме керек пе? М.Қаб. ~ Дос емес, жау іздеп анталаған қауым ортада тұрған бір кесек майлы етке – Жазушылар Одағының бас билігіне көз қызартып, айналасын ұмытты. Ж.Шәк.