Posted in

КӨЗ САЛДЫ

Сынай қарады, көзін тікті, назар аударды, көңілі ауды. ~ Алып келген манағы қолын артып жатқан жирен орыс екен. Ақбілекті аш белінен жібермей, қысып, бетіне таман ауызына ұмтылып еді, Ақбілек теріс қарап, бұлқынып сүйгізбеді. Өзге орыстар жирен орысты мазақтағандай, қарқ-қарқ күлісті. Олар күліп жарқылдап отырғанда, төрде жатқан ұзын бойлы, аққұба, қара мұрт орыс оянып, қырынан жатып, Ақбілекке көз салды. Ол өзгелеріндей сөйлескен де, күлген де жоқ. Құба шыңға құлаш ұрған жез қанат бидайықтай, талмау көзін талықсыта, терең қиялға шомылды. Ж.Айм. ~ Орыстың оғынан өлгеннен де, құлазыған иесіз тауда тентіреп өлгенін артық көрді. Орыстардың дыбысы өшкенше: «Құтқарғаның шын ба, жасаған!» дегендей, арттарынан топырақ шашып, қарасы өшкен соң: «Үүһ!» деп демін бір алып, төңірегіне көз салды. Ж.Айм. ~  Мен олардың ыңғайына көнбедім. Бозбалаға несіне қызығайын? Бұрынғы тартқан азабым аз ба? Және жеңешем ылғи құлағыма құйып отыратын: жігіттердің азғырғанына ерме! Ерсең бұзыласың. Әуелі оқу оқы. Күйеуге тиетін кезде жігітке көз саларсың… — дейтін. Қазақтың оқыған қыздарын ағатайым да жамандайтын: ыртаң-жыртаңнан басқаны білмейді… — дейтін. Сол сөздері есімде. Ж.Айм. ~ Қыр жаққа көз салдың ба, Қар боп аққан ағыс бар. Қаһарлы жел алдында Зар қағады қамыстар. Қ-М.Әли ~ — Месис Қатсоныңның аты жақсы екен, — деді әлдене ойлағандай төбе жаққа көз салған Жүніс. — Месис Қатсон. Қатып тұр. Месисіңді «Мүйізді» деп өзгертсек, онда мен-ақ Мүйізді Қатсон болайын. С.Им. ~  Иә, бұл менің өңешімнен өтпейді. Қожан кешікпесе керек еді. Жағалтай астындағы күреңді тебініп, жотаға көтерілді. Сосын төңірекке көз салды. Ж.Баш. ~ Құз жартастың қанатша жайылған қапсағай қабырғаларын паналап, жасырына көз салған Жомарт пен Сұңқар да үнсіз. Құз иығының жапсар-жапсар жарықшағын қалқалап, етектегі жылқыларға жеткен Мұса бір сәт қарағай діңіне сүйенді. А.Алт.