Posted in

КӨЗ САЛМАДЫ (САЛҒАН ЖОҚ)

Назар аудармады, көңіл бөлмеді. ~ Дариға, жауыз тағдыр қатты алдады, Бақ-дәулет – алмағаны еш қалмады. Тасжүрек көзім нұры – анамды алып, Еңіреген мен жетімге көз салмады. М.Жұм. ~ Тікшелеу жасыл беткейдің орта тұсына келе бере Несіпбай аттан түсті. Айналаға көз салған жоқ. Әлдеқандай ой басқан күңгірт жүзі бүгін бірде-бір рет көтеріліп, мынау кең дүниеге қараған емес. Көзін ылғи төмен салып, жүзі де салбырап тұқыра береді. М.Әу. ~ Әкесінің көзі түсер ме екен деп, көзінің қырымен жансыз аңдып та отырады. Бір қараса да қайғысы жеңілетіндей, бақытты болатындай көреді. Сондада әкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен де мынау жаман батты. Ж.Айм.