Жақсы білмесе де, азын-аулақ таныстығы бар. * Оның үстіне мына Көбентай менің ескі көз танысым еді, амандық- саулық сұрап, жағдайын біліп қайтпақ болдым. О.Сәрс. ~ Мен айтсам қызыққан да, таңдаған да жігітім жоқ… Көз танысқа көрмей жатып құштар болар біз емес десек не дерсіз? М.Әу. ~ Мен Есенбекті университетке түскен күннен білемін. Əшейін көз таныс емес, көңілдеспін. Ара- тұра пікір алысып та қоямыз. З.Қаб. ~ Неліктен екені белгісіз, ер балаша киінген осы қыз минут сайын бейне бір баяғыдан көз танысындай жақын тарта берді. Ш.Айт.
