Posted in

КӨЗ ТОЙМАЙДЫ (ТОЙМАС)

Қараған адамның құмары қанбастай д.м. ~ Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді? Оның көркіне көз той- майды, тарихына сусын қанбайды. Осы бір мезет кейін шегініп алыстап қараса, Нұрланды кім де болса, сөкпес еді. З.Шаш. ~ Оның қарап тұрсаң көз тоймас, суреттей сұлу, әрі жүйрік, жүзіктің көзінен өткен қос жирен аты бар. С.Жүн. ~ Делдиген танауынан өзге жерді Алла-Тағала бар шеберлігін салып, әдемілеп тұрып жонғандай. Қарасаңыз, көз тоймайды. Қ.Әбіл.