Posted in

КӨЗ ТҰТТЫ

Көңілін аударды, риза қылды. ~ Қызықпен көлден су ішпей, Талады шаршап, шаң жұтып. Тоқтамады кідіріп, Өте шықты қарғытып. Сөйлесе алмай Қамбарға, Тағы да қалды арманда Отырған сұлу көз тұтып. “Қамбар б.”
~ Көз тұтар көкжиектің мейірі қатты, Кенже де, ортаншы да, кәрі де әккі. Бес атты бес саусақтай өре шыққан Қашқынның кешіп түзден ізін тапты. Т.Әл.

  1. Әлде бірдеңенің көптігі туралы. ~ Қарияның бастауымен, табалдырықтың көзіне туфлилерін шешіп, оң жақтағы бөлмеге кірді. Алакөбең көлеңке бұрыш-бұрышты перделеп көз тұтады. Т.Сәу.