Posted in

КӨЗГЕ СҮЙЕЛ БОЛДЫ

Елге жек көрінішті болды, көзге күйік болды. ~ Дәметкеннің үш қызы Нұрбикенің көзіне сүйел болып қалады. Дәметкен
сияқты «дұшпанның» қызын ел көзіне масқара ғып шығармаса, Нұрбикенің кегі бітер ме? Б.Майл. ~ Облыстық, өлкелік
партия басшылығындағылар өздері көзге сүйел бола бастаған кезде Кремльге хат жазып, бәленбай «халық жауына» жаза
қолдануға мұрсат (лимит) сұрайтын айла тапқан және бекітіліп келген санды толтыруды, яғни кімдерді «жаулардың» тізіміне
енгізуді өздері білген. Ғ.Қаб.