Posted in

КӨЗГЕ ҰРАДЫ

Баттиып көрініп, менмұндалап тұрады, бірден назарға ілінеді. ~ Шолақ қара тонының жағасына иегін тығып, тас мүсіндей қатып тұрған Қойшы мынау иен– тегін өңірдің қалт етпес сақшысындай сонадайдан көзге ұратын. О.Бөк. ~ Осы желінің алтын қазығы болған Мұхаңа (Әуезовке) келер болсақ, бүкіл ХХ ғасырдың қазақ әдебиетін сәулесіне ораған, сәлиқалы тұлғасы бірден көзге ұрады. Ж.Шәк. ~ Алайда, ұрлықтың аты – ұрлық. Ұрлығың жекелеген сөйлемдерден-ақ көзге ұрады. Д.Қуат. ~ Бірін түртіп жіберсе, аржағынан төрт-бес істің басы көрінеді. Біткені байқалмайды, ылғи бітпегендері көзге ұрады. Ж.Нәжім. ~ Ал, «Алыптың адымдарының» соңғы беттеріне таяған сайын Сәбеңнің қанбаған құмары, тарқамаған шері тағы да көл суреті арқылы көзге ұрады. Ж.Шәк.