Posted in

КӨЗГЕ ШАЛЫНДЫ

Бой көрсетіп, байқалып қалды, көзге түсті. ~ Үшеуі орағытып, қалыңға тереңдеңкіреп кіріп, соқпақты алдарына ала жатты. Елегзи күткен он минуттан кейін жаңағы жалғыз жаяу көзге шалынды. Т.Ахт. * Оңтүстік жақ дөңестегі қырман басына үйілген астық маялары да қылаң беріп, көзге шалынды. М.Им. ~ Бала күнімде Буыршын өзені бойында талдардың арасында ақсүйек пен жасырынбақты көп ойнағам, көзге шалынбай өзенге барып келейін. Ж.Шәк.