Көз алдыңда жүрмеген адам ерте ме, кеш пе ұмытылады . ~ Басылар да басып бүркеген қалың тұман ашылар. Азапты күңдері азаяр. «Көзден кетсе, көңілден кетеді» деген де бар. Ү.Жәл. ~ Не керек, ақыры сол кезден бастап қызды соншалықты жек көріп кеткен жігіт, көзден кетсе көңілден кетеді дегендей, оны енді қайтып көрмес үшін туған жерін тастап жат жұртқа қоныс аудармақшы болады. М.Серв. ~ Сен ғанасың отқа түскен, жан анам! Қолың созып шырылдайсың жағадан. Басқаларға құным менiң көк тиын, Көзден кетсем, көңiлден де жоғалам. Т.Сәу. * Көзден кетсе, көңілден өшеді деген осы ма? Қарасы көрінбегеннен кейін суынғаны ма, әлде іштен тынғаны ма? Қ.Тол. ~ Осы кісілер қандай екі жүзді. Сәудегер сияқты сезіміне дейін бұлдап саудаға сап жүреді. Әйтпесе көзден тайған кісінің
кеңілден де кетіп ұмыт болатыны несі? Ә.Нұрп.
