Алда не боларын анық болжамай, әлдебір іске кірісіп кету туралы. ~ Түсінбей жаттау – көзді жұмып көлге секірумен бірдей. АҚ. “Өткен өмір…” ~ Егер де «Наутилус» осы қайраңнан көтеріле алмайтын болса, көзді жұмып тәуекелге бел байлауға қашан да болса, болады ғой. Ж.Верн. ~ …сондықтан құштар ісімен енді ештеңеге алаңдамай, ештеңеден қорықпай айналысатынына кәміл сенімді Леонелла болса, күнәкарлық құшағына көзді тарс жұмып қойып та кеткен-ді. Серв.
