Күш жинап, әлденіп қалды. * Бірақ көп ішпедім. Көтере алмаспын дегем. Әйтсе де қимай, тағы бірер жұттым. Әлім кіріп, көзім шырадай жанды. М.Мағ. * … көк сылаң түтінді бұрын шығарған келіншек бозбаланың көзіне іліккен бұлдіршін бойжеткендей екі беті албырап, екі көзі шырадай жанып, гүл-гүл жайнап құлпырып шыға келер-ді. Ә.Кек. * Неге? Оны қалқозға алған Көптiлеудiң екi көзi шырадай жанып-ақ тұр ғой, — деп Дәуiт жан-жағына алаң-ғұлаң етiп қарады. Б.Алд.
- Көзі жайнап кетті. * Үңгір ішінде жатқан жігіттің көзі шырадай жанып кетіп: – Құтқарыңдар! – деп бар дауысымен барылдап айқайлай бастады. Қ.Мүб . * Әбітай көзі шырадай жанып, мамық жастыққа сол қолымен көміле шынтақтап, Кәримаға бетін бере қырын отырған күйінде тесіле қарай қалды. С.Ом.
