Posted in

КӨЗІ АШЫҚ

Білімдар, сауаты бар, алды-артын танитын адам туралы. ~ Біреудің пайдаланған ақыл, білім Бір түсіп өткен күннің нұрымен
тең. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар үшін, Ескерткен насихатым сырменен тең. Ә.Найм. ~ Надан ел баламыз оқып жүр деп
сеніп отырса, азды-көпті көзі ашық адам балалардың күн бойы мағынасыз шулап отыратынын жындыханаға теңер еді.
Ғ.Мүс. ~ Сен адамшылықтан шыққан екенсің, — деді Сәлім: — Көзі ашық, оны-мұны біледі, ел жайын ойласа — осы ойлар
деп ел сені сайлап отыр. Б.Майл.