Posted in

КӨЗІ БОЗАРДЫ

Қорқып кетті, үрейі ұшып, сасып қалды. ~ Ертең алай-былай болса, көріп тұрып, қарекет жасамағаның үшін жауап бересің. Ұқтың ба? — Темірдің көзі бозарып кетті. М.Мағ. ~ сыртқа шыға бергенде, бір аяғы табалдырықтың арғы жағында, бір аяғы бергі жағында, сең соққандай көзі бозарып тұрды да қалды. Қорыққан көкесі ақ “Волгадан” түсіп, рульде отырған баласына еңкейіп әлдеқандай тапсырмалар беріп жатыр!.. “Құдай ұрды-ау!”. Ә.Тар.

  1. Өңі бұзылды. ~ Досмағанбеттің мойны сорайып, көзі бозарып, күннен-күнге азып бара жатты. Пәтуасыз әйелдердің әңгімесі сол баяғы… бәрін Қызбалтайдың төсегінен көреді. Н.Дәу. ~ Бойын құмарлық құрты қоздырған түлкі абайсыз сыңқ етіп, ыңырсып жіберді. Ет жемегелі неше тәулік! Көзі бозарып, тұмсығы дымданып-ақ кетті. С.Сағ.