Posted in

КӨЗІ БҰЛАУДАЙ (БОЛДЫ)

Көп жылағаннан екі көзі ісіп кетті. ~ Құлындай ойнап жүрем. Сабақ басталар алдында жылап – еңіреп шешем келіп кетті. Көзі бұлаудай анамды аяғанмен, Мақпалдың үйден кеткеніне қуандым. Үстімнен ауыр жүк түскендей сезіндім. Н.Сер. ~ Үйге кіре бетін жумаққа еңкейе беріп еді, қолжуғыштың айнасындағы өз бейнесіне көзі түсті. Екі көзі бұлаудай болып ісіп кетіпті. Өзін-өзі қинай жымиды. Е.Жең. ~ Жоқ, жоқ, атай, керме, алмаймын,— деп Томар шығып кетті. Екі көзі бұлаудай болып хан қыз жылап қала берді. Б.Қыд.