Жалтаңдай, жалына, үміттене қарады. ~ Түсе қала, атымды жетелей, қасына келдім. Үлде мен бүлдеге оранған, ай мен күндей бір сұлу қыз! Тәжім еткен келіндей сызылып, атқан таңдай жымиып, қара көзі жаудырап көзіме түсіп кетті. Хордың қызы екен деп ойладым. Ж.Айм. ~ Бүгін туған жермен қоштастым. Ана қараңызшы, дала деген тамаша емес пе? Көзі жаудырап қалып бара жатыр. Жеңіспен күт бізді,– деп Ержан қолын бұлғады. Т.Ахт. ~ Ақтоқты өткір тілімен беттерінен қайырып тастайын десе де, сөзді қор қылып, ушықтырғысы келмей, көп бөрінің ортасына түскен тоқтыдай көзі жаудырап іштен тынады. С.Жүніс. * Артында көзіміз жаудырап үшеуіміз қала бердік. Қ.Ысқ. ~ Қарғамды жалғыз жібере алмаспын. Жат жер, көзі жәудіреп кімнің қолына телміреді. Қайын жұртына бойы үйренгенше, қасында болайын, – дейді. З.Шүк.
