Posted in

КӨЗІ КҮЛМЕҢ (КҮЛІМ) ҚАҚТЫ

Жымың-жымың етті, жүзі шырайланды. ~ Санта үстіне сұрғылт тон киіпті, аяздан беті алаурап тұр, аяғында терімен тысталған ботик, көзі күлмең қағады. Ч.Пав. ~ Әшейінде тас-түйін қабағы бір ашылмайтын жаужүрек Мир Саид, көзі күлмең қағып, түздің қарға аунаған түлкісін көрген қыран бүркіттей, қанатын қомдағандай, қызыға қарап қалыпты. АҚ. “Арпалыспен…”~ Көп уақытқа дейін аузы бітпей, әзер жазылған, — деді менің көз қарасымды аңдап қалған ол. Шаң басқан қалың шашын сілкіп тастап тұрып отырды. Көзі күлім қағады. Ә.Әл.