Аштықтан, не әлдебір басқа себептен басы айналып, жүрегі лоблыды. ~ Айдалада жайылып жүрген бұл бір маған бұйырған бұзау екен деп көзі қарайып кеткен аш қасқыр үйеңкіні бас салды. І.Ес. ~ … осы бір кірпияз біртоға халық өзегі талып, көзі қарайып, аштан өліп бара жатқанда адам етін жеуге дейін барарын, соған көндігерін Көкебай қайдан біледі?
- Нәпсісі оянды; аңсары ауды. ~ Бұғының қанын ішіп, көзі қарайып отырған шал әлгі қызды тарпа бас салып, жұлмалай бастайды… О.Бөк. ~ Сенікі де ерсі емес, еркектік парызыңды өтедің. Көзі қарайып, өлуге келген байғұстың да сауабын алдың. Қ.Жиен.
