Posted in

КӨЗІ ҚАРАУЫТЫП КЕТТІ (ҚАРАУЫТТЫ)

Бойынан әл кетіп, жүрегі өрекпіп, басы айналды. ~ Қанша қағалсу көрсе де, үлкенге қол көтермегеніне менің де ішім бір түрлі жылып сала беріп еді. Бірақ көзі қарауытып кетті ме, әйтеуір Аққұл шал әдепке тосылған жоқ. Қолындағы таяқпен көкемнің қақ маңдайынан періп жіберді. Б.Мом. ~ Қонтайшыға келе жатып, қарауыл көзі қарауытып, екі мәрте сүрініп кетті. Көзінен де, айағынан да әл кетіп бара жатқандай. Б.Нұрж. ~ Салт аттылар қалаға енген соң да бұраң құйрықтатып отырды. Арабтың тынымсыз жүгірістен кеудесі күйіп барады, қара терге малшынып, көзі қарауытты. А.См.