Posted in

КӨЗІ ТІРІ (БАР)

Өмірде бар, аман-есен жүріп жатыр д.м. ~ Мұның өзі, мүмкін, осы ортаға біршама бойым үйренгендіктен, оның үстіне осы ортаның көзі тірі əулиесі Əуезовтің маған жылы шырай танытқанынан шығар. З.Қаб. ~ Жауапкер өз сөзін әрі қарай баяндап: — Тап осы биыл жаздың өзінде Абдолла өздері тақыр кедей, аз үй дүңгеннің екі атын ұрлатып алдырды… Екеуінің де күні бүгін көзі бар… Ж.Ахм. Бұл – жазу-шының оқиға кейіпкерлерімен тілдескенін айғақтайтын бір дерек. Ал жазушы оқиғаға қатысы бар жандардың бірімен ғана емес, көзі тірісінің бәрімен де сөйлесті ғой. Қ.Ерг.

Тірі, арамызда жүр д.м. ~ Жауапкер өз сөзін әрі қарай баяндап: — Тап осы биыл жаздың өзінде Абдолла өздері тақыр кедей, аз үй дүңгеннің екі атын ұрлатып алдырды… Екеуінің де күні бүгін көзі бар… Бірі қара бурыл ат. Ж.Ахм. ~ Осы жағынан келгенде тұтас полиция ордасы ноғала болып, екі көзді тас жұмып отыр. Әлиге тек көзі бар ат қайтарылмақ. Ж.Ахм.