Posted in

ӘЙЕЛГЕ ҮЙІР

Жүрімпаз, нәпсі құмар. ~ Рақилаға “қызыққан” жігіт аудан қызметкерінің бірі — Қасым деген еді. Жас, бойдақ, сал жігіт. Әйелге үйірлігі, көңілшектігі бар. Жібі түзу әйелді көрсе, сонымен сөйлескенше құмартады. Осы мінезін айтып кейде жолдастарына мақтаншылық қылып та қояды. Аудан көшіп келгеннен бері Рақилаға көзі түсіп жүрді де, таныспақшы болды. Кеше записка жазып, исполкомның кучерінен беріп жіберсе, Рақила жауап қайырыпты. Б.Майл.