Қызықты, сұқтанды. ~ Ұқса да өзінің құлқыны үшін «Осы айтқандарыңды істетпеймін», деп анталап, қолымыздағы азын-аулаққа көзі тұнып соны бөліп алуға асығады. М.Әу. ~ Адамдар байлыққа қызыққанда екі көзі тұнып кетеді екен. Өзінен басқаны ойламайды, ақшадан басқаны көрмейді. Ж.Шәк. ~ Орманнан шыққан әулекі маймыл көрсеқызарлығына басып, асқабаққа тақап, жеңсік асын көреді. Көзі тұнып кетеді-ау сонда. С.Сағ. * Тарбағатай алқабында бұрын-соңды ұшыраспаған бұл бүркіттің аспандағы ұшып жүрген келбетіне, аспандағы қанат қағысына көрген жерден көріпкел құсбегі Молдаштың көзі тұнып кетті. Ғ.Біл.
- Көңілі толды, шаттанды. ~ Жан-жағынан қаумалаған гүлдерден көзі тұнғаны сонша, шетінен жұлып алып, әр сабағын мейірлене иіскеді. Б.Тоғ. ~ … пейіштің иран бағындағы хордың қызын көргендей көзі тұнып, Қарасай ұмтыла берді… С.Жүн.
