Қатты қорқып, не ашуланып, екі көзі бақырайды. ~ Адайдың таңғалғаны сондай: — Бәлі, бақалшы сұм мынаны саған қорықпай қалай сатқан? — дегенде, бақырайған көзі ұясынан шыға жаздады. Ө.Ахм. ~ Армстронг оған қарай бұрылды да, мелшиіп қатып қалды: малайдың көзі ұясынан шыға жаздап шақ тұр екен. Беті көгеріп кетіпті. Қолы қалш-қалш етеді. А.Крис. ~ Қырағы көзі ұясынан шыға шатынап, сұмдықты аналық түйсікпен үргін-сүргіннен бейхабар жас арқарларға мәлімдейді. Ө.Кәр.
