Көзі бұлдырап, көруі нашарлады. ~ … иттің баласы, тұр, кет! – деп ақырады біреу. Көзі шұбартып зорға таныды. Жанботаның ағасы Ербол екен. Ж.Шәк. ~ Жалтыраған көп айшық-оюдан көзі шұбартып кетті ме, басын шайқап қойып, мүйізін тосып, бері беттеді. Сол екен, мамам көшеге атып шықты. М.Қаб. ~ Тесірейіп ұзақ қарағаннан кейде көзі шұбартып, жол бойындағы қарайған қойтас не селтиген түп ши жан біткендей қозғалып, өзі сенгісі кеп алып ұшып тұрған көңілге қырдан түсіп келе жатқан жүргіншідей елестеп кетеді. Т.Сәу. ~ Бірақ, Чін Пишу шеріктері жалғыз ұшпайды ғой, көзі шұбартып, бойы салданып меңзығыр күйге түскен Боранқұл меңірейіп отырып қалды. Ғ.Біл.
