Аса қымбатты, жан жетпес асыл. ~ Сары ала туың салбырап, Қалмақтың бұздың қамалын! Хандардың білдің амалын, Көзімнің Мамай нұры еді. Хан кеңесі құрылса, Сымбаты сұлу төре еді. Жау кеңесі құрылса, Жасқанбай шапқан ер еді. А.Байт. ~ Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін Хақ Тағалам. Атаң мұнда анаңмен есен-аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған. Балғожа би. ~ Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мүбәрак хадис шәріпінде: “Намаз – көзімнің нұры”, – депті. Намаз оқыған кісі қажылықты өтеген адаммен бірдей көрінеді. Ж.Аяз. ~ Кейде ол үйін төңіректей ойнап жүрген біздерді ішке шақырып ап, жағалай отырғызады да, өзі бәрімізге мүсіркей, аяй қарап: «О, көзімнің нұрлары»,- деп елжірейді. С.Мұр.
