Posted in

КӨЗІМНІҢ ТІРІСІНДЕ

Тірі жүргенімде, кеудемде жаным барында д.м. ~ Бұл қызды сен алмасаң, түбінде жау алады. Менің тілімді алсаң, Түймені өзің ал! Қызымды көзімнің тірісінде өзіңе қоссам арманым бар ма? Ү.Жәл. ~ Е, бұ жарықтыққа кім ие боп қаларына кімнің көзі жеткен? — деп апасы күрсінеді. — Көзімнің тірісінде келіндердің біріне тапсырып кетейін десем, ондай сенімдісі болмай тұр ғой. Д.Әш. ~ Менің қарызымнан құтылғаның болсын, көзімнің тірісінде ахирет киімімді дайындап қой, – деп еді. Қ.Ысқ.