Posted in

КӨЗІН ҚАДАДЫ

Көзін алмай қадала қарады, тесіле қалды. ~ Ал, енді танысуға болады, – Қыз жақындап келіп Қайырболдының көзіне көзін қадаған, – Мен Бекторымын. Т.Әс. ~ Бола ма? – деп қырықтың қырқасына шыққан, доптай домаланған тып-тығыз жігіт ағасы шегір көзін қадап ауыл имамының алдына тапжылмай тұрып алды. Ж.Аяз. ~ Солай ма? – Ақын өткір көзін қадап еді. Ол жанарын тайдырып әкетті. С.Әбік.